2016-жылдан бастап қолға алынған жаңартылған оқулықтар дайындау процессінде жалпы білім беретін 6, 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті және 9–10 сыныптарға арналған Орыс әдебиеті оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін әзірлеп, еліміздің мектептерінің тапсырысын толыққанды өтемдеп келеді.
Жазушы өз бағытын айқындаған ширек ғасырлық тәжірибесі мен аталмыш ерекшелігі мол баспас, осыған қоса, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асыратын жобаларға қатысып, ұлттық мәдени кодты нығайту және қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде таныту бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Оқу – даму жолы. Біз оқитын ұлтқа айналуымыз керек». Осы ұстаным баспаның қазіргі стратегиялық бағытының өзегін құрайды. Бүгінде, «Жазушы» бес тілде кітап өнімдерін жарыққа шығарып келеді.