«Жазушы» баспасы
1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы ретінде құрылып, 1964 жылы қазіргі атауын алды.
Біз жайлы
«Жазушы» баспасы» – Қазақстандағы көркем әдебиет саласында ғасырлық тарихы бар баспа ұйымы. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы ретінде құрылып, 1964 жылы қазіргі атауын алды. Баспаның қалыптасуына Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезов сынды қазақ әдебиетінің алып өкілдері елеулі үлес қосты. Алғашқы директор қызметін Ғабит Мүсірепов атқарған.

Баспа құрылған кезден бастап ұлттық әдеби мұраны сақтау мен кеңінен насихаттауды, сондай-ақ республикада тұратын түрлі этнос өкілдерінің әдебиетін дамыту міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Баспаның тарихи кезеңдері
1934 жылы
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы – «Қазақ көркем әдебиет» баспасы атымен танымал болып, ірге тасын қалаған.
1964 жыл
Баспаға, ресми «Жазушы» атауы берілді.
1970-жылдар
Лейпциг халықаралық көрмесінде «Қазақ эпосы» сериялы көркем дүние баспада жарық көргені үшін қола медальмен марапатталды. С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы және басқа да алаш зиялылары, үкімет қаулысымен ақталған сәтіннен бастап – олардың өр мінезді, жалынды шығармалары алғаш рет «Жазушы» баспада жарық көріп, күллі оқырманға паш етілді.
1980-жылдар
«Жазушы» баспасы – «Халықтар достығы» цикылын басып шығарады, оған: С. Сейфуллин, М. Әуезов, Б. Майлин, И. Жансүгіров, Т. Жароков, А. Тажібаев, А. Нүрпейсов, І. Есенберлин, С. Елубаев, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Қ. Мырза- Әлі, Т. Молдағалиев, Ф. Оңгарсынова, Б. Жандарбеков, Т. Ахтанов сынды көрнекті қазақ қаламгерлерінің толық шығармалар жинақтары және А. Штейнберг, А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Гоголь, Л. Толстой, А. Навои, Р. Гамзатов, Ш. Айтматов, А. Чехов, М. Шолохов, Т. Шевченко, И. Тургенев тағында басқа әлемдік классиктерінің туындылары қазақ тіліне тәжімаланып, жарық көреді. Осы орайда жастарды тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, ең бастысы қазақ және әлем әдебиетін дамыту жолындағы белсенді қызметі үшін баспа – «Әлем Халықтарыңың достығы» орденімен наградталған. Бүкілодақтық сайыста – баспа Махамбет Өтемісұлы, А. Пушкин, М. Лермонтов таңдамалы шығармаларын, У. Шекспир – «Сонеттер», М. Әуезов «Шу асау» оған қоса «Заманауи қазақ поэзиясының антологиясы» циклын әзірлген басылымдар үшін «Кітап өнері» дипломына ие болды.
1990-жылдар
Баспа: қазақ, орыс, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде мектепке оқулықтар шығара бастады. 1997–1998 оқу жылдарынан басталған жаңа буын оқулықтар дайындау ісіне белсене ат салысып, атап айтқанда өзбек, тәжік тіліндегі мектептер үшін түпнұсқа және аударма оқулықтарды әзірлеуге маманданған бірден бір баспа. Баспа бұл жылдары өзбек тілді маман аудармашылар тобын қалыптастырып, мектептермен тығыз байланыс орнатты. Аудармашылық пен ғана шектелмей, ұстаздар ұжымдарына методикалық көмектер мен қатар тілдік бағыттағы жәрдемші құралдармен де қамтамасыз етіп келеді.
2000-жылдар
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Әлемдік философиялық мұра» 20 том және «Әлемдік мәдениеттану ой санасы» 10 том сериялары дайындалып, 2009 жылы толық жүзеге асырылды.
2010-жылдар
Балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиет топтамасы жарық көрді. Оның құрамына «Халық әндері», «Батырлар жыры», «Қазақ халық ертегілері», «Жеті ғасыр жырлайды» және басқа да ұлттық мұра үлгілері енді.
Қазіргі таңда

2016-жылдан бастап қолға алынған жаңартылған оқулықтар дайындау процессінде жалпы білім беретін 6, 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті және 9–10 сыныптарға арналған Орыс әдебиеті оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін әзірлеп, еліміздің мектептерінің тапсырысын толыққанды өтемдеп келеді.


Жазушы өз бағытын айқындаған ширек ғасырлық тәжірибесі мен аталмыш ерекшелігі мол баспас, осыған қоса, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асыратын жобаларға қатысып, ұлттық мәдени кодты нығайту және қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде таныту бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Оқу – даму жолы. Біз оқитын ұлтқа айналуымыз керек». Осы ұстаным баспаның қазіргі стратегиялық бағытының өзегін құрайды. Бүгінде, «Жазушы» бес тілде кітап өнімдерін жарыққа шығарып келеді.

Байланыс желісі:
+7 (727) 394 41 55
zhazushi@mail.ru
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ. 143/93, 4-қабат, оң қанат.
Made on
Tilda